Бір батыр немесе жолаушы ұзақ жолдан шаршап келе жатып, күн ыстықта жапандағы бір өсіп тұрған алып бәйтеректің көлеңкесіне келіп демалады. Маужырап ұйықтап кеткен ол бір кезде тынымсыз шырылдаған дауыстан оянып кетеді. Бұл не екен деп басын көтеріп жоғары қараса, бәйтеректің жоғарғы жағында шырылдап зар қағып ұшып жүрген шыңырау құсты көреді және бәйтеректің басындағы шыңыраудың ұясында балапандардың шырылдаған даусын естиді. «Бұларға не болды» деп тағы да айналасына қараса, төменде оларды жеуге өрмелеп бара жатқан үлкен әбжыланды (немесе айдаһарды) көреді. Шыңырау құс оны ұясына жібермеу үшін арпалысып жүр екен. Жаңағы адам дереу қынабынан қылышын суырып алып жыланды шауып өлтіреді. Сөйтіп, құстың балапандарын ажалдан аман алып қалады. Осыдан кейін шыңырау құс батырмен мәңгі дос болуға уәде береді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі