Өлең, жыр, ақындар

Тәнтән қыз

«Тәнтән қыз» тарихын айтушылар «Мырза бұл күйді бір үлкен тойда шығарған екен» деседі. Жаздың күні, ми қайнатқан шілде айы. Көрші ауылдың үлкен жиынында бас қосқан ел сауық құрды. Мырза ақ орданың туырлығын түргізіп тастап, күй дариясын тасытты. Кенет күйшінің көзі бөпесін жұбата алмай жүрген өрімдей қызға түседі. Мырза тани кетеді. «Жақында ғана шешесі өлген жетім қыз Жібек қой...» — деп іштей күбірлейді.

Қыз қолындағы бөпесін жұбата алмай: «Әуппәли, бөпем-ай, әуппәли, бөпем-ай» деп, мұңлы әуен ырғағына қосылады. Мырзадан жанындағылардың бірі: «Бұл кіміңіз еді, танысыңыз ба?» — деп сұрайды.

— Ой шырақтарым-ай! Бұл бір шешесі өліп, қамкөңіл болған Жібек атты жетім қыз еді. Қолындағы көтерген бөпесі — анадан жастай қалған өзінен кейінгі сіңілісі. Мына — халық жиналған жиынға келейін десе, қолындағы бөпесінен келе алмай, келмейін десе, үйде жалғыз отыра алмай, енді міне, екі ортада тән-тән болып жүрген ғой, — деп күрсінеді Мырза.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз