Мырза Ташауыз жерінде базар аралап келе жатады, — деп баян етеді күйдің ұзын-ырға тарихы. — Халық жиналған жаймада бір түркімен жігіті дутар тартып, өнер көрсетіп отырады. Түркімен жігітінің тартып отырған күйінің аты «Ташауыз» екен. Бұл қандай күй дегендерге: «Мына Ташауыз көпірін салған ерлердің құрметіне арнаған күйім», — деп, дутарын тарта береді. Азғантай уақыттан соң, жігіттің қасына бір қыз келіп, тиісе сөйлейді:
— Аға, күйді жақсы тартады екенсіз. Әйткенмен, мына тартқан күйіңнің бір қайырмасы қалыс қалғаны-ай, — деп, түркімен жігітінің тартқанын місе тұтпай, қыз бұл күйді қайта тартады.
Күн ұзақ жиналған халық арасында елеусіз тұрып, бір күйге таласқан екі өнерпаздың өнерін тамашалаған Мырза, қызға былай дейді:
— Шырағым-ай, күйді сен де әсерлі шертеді екенсің. Дегенмен, сенің де бір қайыруың қалыс болды ғой, — деп салалы саусақтарын домбыра шанағына созады. Осы жерде Мырза қыз бен жігіттің күйін қорыта келе өз жанынан жаңа бір әуен ырғағын төгілте жөнеледі. Кейін бұл күй халық аузында «Ташауыз» атанады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі