...Дайрабай Алтай руынан Сармантай елінен екені рас, ол аса мықты балуан жігіт болған. Әрі әнші, әрі домбырашы, бірақ өте кедей болған. Оның жамағайыны Көбен деген бай кісі болады. Ол әрі мақтаншақ, атқұмар сараң да болады. Дайрабайдың жалғыз биесінен туған Қара көк бестісі аса жүйрік болады. Оны Көбен толық құнын бермей алып бәйгеге қосады. Көк бесті алдына жылқы салмаған жүйрік болып, бүкіл Арқа елін адақтағандай, үздік аты шыққан жүйрік болады. Арқада бір үлкен ас болып, көк ат бәйге алады. Сол жолы Дайрабай бас балуанға түсіп жығады. Бар бәйгені Көбен жиып алады. Дайрабайға түк бермейді де, Дайрабай алыс бір елде нағашысы бар екен, соған барамын деп Көбеннен ат сұрайды. Көбен бермейді, соған өкпелеп Дайрабай бір күні көк атты ұрлап алып шөлге қашады.
Алтай ішінен шығып Қаракесек ішінде Карсон, Керней ауылдарына келеді. Сонда бірнеше күн жатып, аса бір жақсы күй тартады. Бұл күй ер жігіт елімен, туысы өскен жерімен қоштасуындай өте мұңды да, өршеленген ерлікте түйдектеліп айтылып жатқандай болады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі