Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жасауларына қоса, үш болысқа аты шыққан, «Қарақасқа» деген жүйрік ат береді. Кенже сияқты, Нұралының атқа құмарлығы болмаса да, атасының берген киітін құрметтеп, баптап бағады. Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бақытты шағын еске түсіретін ескерткіш сияқты болады. Кенже Динаны Нұрпейістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс болады. Динаға Қарақасқа ат та тұтқынға түскендей, өз ауылын сағынып тұрғандай болып көрінеді. Ат Динаға сүйікті әкесінің көзіндей көрінетін. Кенже қызының ерлердің ісін істегенін (домбырашы болғанын) қуаттаушы еді. Бірде Қарақасқа ат ауырады да өліп қалады. Дина өзінің бақытты жастығының тілсіз куәсіндей Қарақасқа аттан айырылғанына қайғырып, оған арнап күй шығарады. Күйдің басынан аяғына дейін ерекше жақсы көргендік, жан жылылығы айқын суреттеледі...
Бекзат
қызық