Ерте заманда бір батыр болыпты, ол елі десе жанын үзеді екен. Бір күні елін ұры шауып кетіпті. Ол қасына қалың қол ертіп жауын қуалап, шауып кеткен малын қайтарып әкелуге жол тартыпты. Батыр желмаяны баптап мінеді екен. Жау ұзап кеткендіктен тізгін үшімен жүруге тура келіпті. Осы кезде қасындағылар желмаяның желісіне жете алмай кейіндеп қала беріпті. Оларға қарайын десе, жау ұзап кететін болыпты.
Сонымен батыр жалғыз өзі желмаяның бар желісімен ағытылып келе жатса, Іле өзені сияқты өзеннің Жаманты сияқты бір білек жеріне кез болыпты. Батыр желмаяның екпінімен келіп іркілмей өзеннен аттағанда, желмаяның артқы аяғының өкшесі суды шалып еткізіп қалыпты. Сонда әлгі батыр «бізден кейінгі балалар ойлай-ойлай өтетін бұлақ екен», — деп артына бұрылып бір қарап қойып, желмаяға қамшы басып жүріп кеткен екен.
Ертеден қалған осы әңгімеде жүйрікті таңғаларлық етіп суреттеумен бірге, үлкен өзеннен өткеннен кейінгі батырдың сөзі, кейінгілер үшін бірер іске кезіккенде алдымен ойлану жөн екенін ескертеді. Желмая сияқты жүйріктің желісінен шабыт ала отырып, Әшім «Желмаяның желісі», «Сұр толғау», «Өрелі шабдар» т.б. күйлерді шерткен екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі