Аспантайда ұрпақ болмаған екен. Әулие-әмбиелердің басына қонып, ел аралап, Алла Тағаладан нәресте тілейді. «Ұрпақсыз қаламын ба?» деп қатты қиналады. Бір күні Аспантай биік төбеге барып түнейді. Түсінде ақ киімді ақсақал: «Алла Тағала ниетіңізді қабыл етті, көп ұзамай нәрестелі боласыз, атағы жер тарапқа тарайды», — дейді. Көп ұзамай дүниеге ұл бала келеді. Алладан тілеп алған баласына Тілеп деген есім беріледі. Бала жыламай, емшек ембей, денесінде құр жаны бар болып ерекше туылады. «Иә, Алла, тілеуімізді бердің, бірақ баламыз аштан өледі ғой» деп зарлап отырған кезде, Марал ишан деген көріпкел-бақсы баласына дем салып: «Балаларың бұл өмірге әулие болып туылған, бесігінде Алланың жіберген көмекшілері жанашыр болады», — дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі