Кешегі үкіметтен зорлық, жаулық көрген аласапыран заманда Алтайдан ауып босқан ел қайда тыныштық, қайда бостандық бар деп, Мори, Баркөл, гансуға ағылған. осындай босқан елдің соңынан қуған үкімет әскері жазықсыз елді қырғындап, қазақ көшінің соңын мал мен адамның сүйегіне толтырады.
Осындай астаң-кестеңде он бір жігіт елден бөлініп кетіп, жаудан қуғын көреді. Басы ауған жаққа қашқан жігіттер, өздерінің елсіз құмды далаға шығып кеткенін бір-ақ біліп, аштық пен шөлден астындағы аттарын сойып жеп жаяу қалады. Ақыры күн сайын қатары азайып, Баркөл маңында отырған елдің үстіне төрт жігіт қана келеді. Төрттің бірі Ыбырайұлы Наумел екен, неше күн ел-жұртпен амандасып, сағыныш мауқын басқан соң, Наумел ертелі-кеш белгісіз әуенмен, қолына домбыра алып толғанып, ақыры «Төрт жаяу» күйін шығарған екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі