Еренқабырға өңірінде он саусағы түгел өнер Рақым деген шебер өткен. ол қазақ халқының мәдени өмірі мен заттық тұрмысына қажетті бұйымдарды өнер өресіне көтерген, өнермен қалың қауымға танылған шебер еді. Рақым тіккен саптама етікті, көксауыр кебісті, ою басқан мәсі мен күміс белбеуді жұрт қадыр тұтқан. Рақымның таутекенің мүйізінен жезбен оюлап жасаған сары ала шақшасы, сол заманның қолы жеткендері мақтанышпен алып жүретін зіннат бұйымы болған, десе де Рақымның шеберлігін елге айырықша танытқан өнері — оның жасаған домбырасының көркемдігі мен шешендігі екен. Рақым шеберлік өнерінің сыртында, асқан домбырашы да болған кісі. оның мұндай қасиетіне өз қолымен жасаған домбырасының ойдағыдай шешен де, көркем болуы негіз болатын. Сондықтан ол домбыраның құлағынан тиегіне дейін өзі орналастырып, әрбір пернені орнын тауып байлап қолынан бір-ақ шығарған. Домбыра алуға келгендерге Рақым алдымен өз күйі «өмір толғауын» тартады екен. «Әзір аттанамын» деп отырған жүргіншілер Рақымның күйін қимай, ақыры атының ерін алуға мәжбүр болады екен. Міне, осылай «өмір толғауы» жұрттың жүрек қылын тербететін күйге айналған. Рақымның көптеген шәкірті, немесе Рақым қолынан шыққан домбыраны ұстайтын домбырашылар қашан, қай жерде болсын өздерінің күйін Рақымның «өмір толғауымен» бастайтын болған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі