Ақымжан — Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сыбызғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақымжанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кезде Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді. Ақымжан сыбызғы тартқанда басындағы кепеші бірде желкесіне кетсе, бірде маңайына келіп жүріп тұрады екен. Күйші өзі жылқы бағуды ұнатыпты, Естіген құлаққа қарағанда, Ақымжан жылқыны сыбызғымен жусатады екен. Ол сыбызғы тартқанда, жылқы құлағын қайшылап, еріні жыбырлап, мүлігіп тыңдап қалады екен. Бірде бір байдың жылқысын жортуылшылар қуа қашып бара жатқанда, Ақымжан сыбызғы тартқан екен. Сонда айдаудағы жылқы тоқтап, қайта желісіне оралыпты.
Қазақтың көптеген сыбызғы күйін Ақымжан ақсақал кейінгі ұрпаққа жалғастырып, танытып, мұра етіп қалдырып кеткен. Қай жерде ойын-сауық, топ болса, той басын «Ақымжанның қоңыр күйімен» бастау әдетке айналған.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі