Мұхит Битеновтың күйі. «Үш балам» күйін 1962 жылы автордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді.
1941 жылы Битенов Мұхит отан соғысына аттанғанда оның үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді. 1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады. Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда алдынан шығатын үш баласының бірі де болмай, бәрінің де қайтыс болғанын естіп, қатты қайғырады. ол өзіне жұбаныш болар ештеңе таппай, төрде ілулі тұрған домбырасын алып көзден жасын
ағыза, толғана, тебірене отырып бір күй тартады. Күйді тыңдап отырғандардың бірі:
— Мұхит, мына тартқаныңыз бұрын естілмеген саз ғой, аты қалай? — дегенде:
— Я, дұрыс айтасыз! Бұл үш баланың қайғысына арнаған «Үш балам» атты күйім, — депті әрі күйші, әрі жауынгер Мұхит Битенов.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі