Өлең, жыр, ақындар

Қожанасыр мен шәкірттері

Бір күні Қожанасыр оқушы шәкірттерімен бірге серуенге шықты. Қожекең есегіне мініп, шәкірттер жаяу келе жатты. Бір кезде Қожанасыр есегіне мініп келе жатқан есегіне теріс қарап мініп алды, оған таңданған шәкірттер Қожанасырдан:

— Қожеке-ау, мұныңыз қалай, есекке теріс мініп? — деді.

— Е, шырақтарым, егер мен есегіме теріс мінбесем, артта келе жатқан сендерге әдепсіздік істеген боламын, ал егер сендер менің алдыма түсіп жүрсеңдер, маған теріс қарап қаласыңдар да, әдепсіздік істеген боласыңдар. Сондықтан мұны байқадым да, есекке теріс мініп отыра қалдым, — депті Қожа.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз