Өлең, жыр, ақындар

Бұлғақтың тапқырлығы

Қай кезде болсын ел еркесі болған ерлерге ешкім де тізесін батырып, тіліне тыйым сала алмаған. Халқымыз олармен ай сайын болмаса да, жыл сайын мәслихат-кеңес құрып отыруды зор ғанибет, жан сергітер рахат көрген. Сондықтан да ол кездегі шежіре-шешен, әнші-күйші, тапқыр да шебер өнер иелері ел-жұртты аралап, саяхатта сайрандап жүрген. Солардың бірі осы — Бұлғақ тентек еді.

Бұлғақ келесі жылы әлгі байдың аулына тап болады. Сонау кезгі Бұлғақтың өкініші де ұмыт болып, ашу-араздан айықса керек. Бай да қаудырай қарсы алып, тентекті төредей күтіп, қойын сойып, қолын қусырып қонақ етеді.

Таңертең бай өз қорасының аман-жаманын анықтау үшін ерте тұра келіп қараса, қойды қасқыр жарып кетіпті.

Бұлғақ мұны сезсе де, былқ етпей жата береді. Іштей қанша күйінді болса да, бай да сабыр сақтайды. Бұлғаққа деген құрмет-сыйын өзгертпейді. Дастархан жасалып, түннен қалған ет қайта жылытылып алға қойылып, үн-түнсіз тамақ ішіп отырған бір шамада бай:

— А, тентегім, сенен қашып құтылған қазақтың мақал-мәтел, салт-сана, сөзі жоқ. Бәрін де өзің білесің. «Құтты қонақ қонса, қой егіз табады. Құтсыз қонақ қонса, қойға қасқыр шабады» депті атамыз. Қасқыр үш қойымды жарып кетіпті, бұған не дейсің? — депті.

Сонда Бұлғақ жұлып алғандай:

— Әкең Шойқара өлген күні де мен үйіңде қонақ па едім? — деген екен.

— Тас төбемнен ұрдың. Сонау жылғы есеңді артығымен алдың, Бұлғақ, — деп өзін «айлалы да ақылды» санайтын бай жерге қарапты.


Пікірлер (2)

Дархан

Керемет құнды деректер. Осы тентек атамыз туралы мақала, әңгімелер болса гұр үстіге нұр болар еді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз