Ауыл адамдары бірде Қожанасырға келіп, одан бүгін айдың неше жаңасы екенін сұрайды. Қожа шығып кетеді де, аздан кейін қайыра келіп:
— Бүгін айдың жүз жиырмасы екен, — дейді.
Қожа мұны әншейін айта салған жоқ. Оның өзіне тән күн есептейтін ерекше тәсілі болатынды: дербес бір ыдысқа күн сайын бір тас салып, күнді сол тастың санымен есептейтін еді. Ал бүгін ондағы тас шамадан тыс көп болды. Оған себеп: Қожаның жүгіріп жүрген баласы әкесінің тас жинап жүргенін көреді де, оның ыдысына бірнеше уыс тас әкеліп салады. Қожекең оны сезбейді, ыдыстағы тастың санын күн саны деп жариялайды.
Тағы бірде Қожанасырға оның таныс адамдарының бірі:
— Жаңа ай туғанда ескі айды не істейді екен? — деп сұрақ қояды. Қожа мүдірмейді:
— Жаңа ай туғанда ескі айды қырқыт-қырқыт жұлдыз істейді, — деп жауап қайырады.
Қожанасырдың өздік «календары» мәліметтері, міне, осындай.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі