Бұл бетте «Тұнжыраған ояу бақ» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 25.04.2015
- 1
- 3
- 23092
Жапырақтар түсіп жатыр,
Түсіп жатыр...
Неліктен?!
Айрылып бара жатыр ағаш біткен көріктен.
Көргенсіз де,
Жүгенсіз де,
Күздің бұзық бораны,
Бала-бақтың, дала-қарттың,
Шашын түтіп желіккен.
Жапырақтар ұшып жатыр,
Түсіп жатыр,
Аяулы-ақ...
Емін-еркін тапап келем,
Кешіп келем жаяулап.
Сыйдым-сыйдым бұтақтары.
Жебесіндей садақтың,
Мені көздеп тұр ма деймін,
Тұнжыраған ояу-бақ...
Айша Жұмақан
Өлең тамаша. Bilim all маған қатты ұнап қалды!
Динара
Мұқағали Мақатаевтың Тұнжыраған ояу бақ өлеңі ұнады
Берикбол
Оте керекмет