Ертеде Қырым жұртында бір хан болған. Бұл ханнан бір бала туып, туған баланың еті ала болып туған. Сонан соң хан: «Бала ала болып туды, — деп, — бұл бала ержеткен соң елімді ала қылып болады, — деп, — қолыма ұстамаймын», — деп, баланы құндағымен орап, Сырдария бойындағы мекендеген «Үш алашқа» апарып тастаған екен.
Бұл «Үш алаш» қолында тұрып өсіп, ержеткен соң дария бойындағы халыққа хан болған екен. «Алаш алаш болғалы, Алаша хан болғалы» деген сөз сонан екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі