Қазыбек бері ел биі болған кезде бір балаға дауласып екі әйел Қазыбекке жүгінеді.
Әйелдердің бірі:
— Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым. Соны мынау әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма оны білмеймін. Әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып сұрасам, «жоқ өз балам» деп бермейді, — дейді.
Екінші әйел:
— Бала өзімдікі. Өзім таптым, мынау бос жармасып тұр, — дейді.
Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:
— Біріңнің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мынадай билік еткім келеді, — дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны ұстап көтеріп тұрып:
— Екеуіңе қара құладан қақ жарып бөліп беремін. Осыған ризасыңдар ма? — дегенде, балаға ие болып жүрген әйел:
— Біреуге кеткенінен жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең, бөл, — деп безерленді. Баланы таныған әйел:
— Ойбай, биеке-ай, қайда жүрсе де тірі болсын. Бөле көрмеңіздер! — деп безек қағады.
Содан барып Қазыбек:
— Бала — мына жоғалтқан әйелдікі. Үйткені ол баланың тірлігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, — деп билік айтады.
Көпшілік мұндай данышпандық билікке өте разы болады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі