Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті:
— Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға симайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек, — депті.
Сонда Қожа Ахмет тұрып:
— Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кетемін, — деп Ясы қаласына орналасыпты. Арада біраз уақыт өткен соң, ата-анасына сәлем берейін деп Сайрам қаласына кел генде әке-шешесі:
— Е, қарағым, қайда болдың, қай жерден қоныс таптың? — деп сұрапты. Сонда ол Ясы қаласын, яғни кейіннен өзіне ғимарат салынған жерді атапты.
— Балам, сен ол жердің халқымен сұхбаттастың ба? Не байқадың? — деген Ибраһим шайхқа Ахмет.
— Иә, ата, сұхбаттастым. Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады. Соны біле тұра неге қоныс тептің дерсіз, жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін, — деген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі