Бір мақтаншақ:
— Дүниеде мені ешкім де алдай алмайды, — депті.
Қожанасыр мұны есітіпті де, мақтаншақты кездестіріп:
— Мен сені еш уақытта есіңнен шықпайтындай етіп алдаймын, — депті.
— Туһ! Бұл әлі ойыңыз шығар, мені алдайтын адам әлі туылған жоқ. Сенбесең, келе ғой, бәсекелесеміз.
Қожанасыр:
— Неден?
Мақтаншақ:
— Сіздің шартыңыз не?
Қожанасыр:
— Мен сізді дарияның жағасына апарып, су ішкізбей алып қайтамын.
Мақтаншақ қарқылдап күліп, Қожаның қолын алып, дарияға түсіпті. Күн өте ыстық, қапырық. Олар шаршап-шалдығып дарияның жиегіне жеткен соң Қожа айтты:
— Куә жоқ?!
— Қандай куә?!
Егерде мен сені дарияға барған соң су ішкен жоқ деп танып кетсем, қандай дәлел айтасың?
— Иә, дұрыс, куә керек екен? — деді мақтаншақ.
— Жүр, қайтып барып бір кісіні куә ретінде ертіп келеміз, — деп қалаға қайтып келген соң Қожанасыр:
— Алдадым.
— Қалай? — деп мақтаншақ таңқалды.
— Дарияның жағасына бардың ба?
— Бардым.
— Су іштің бе?
— Жоқ.
— Демек, алдандың! — деді Қожанасыр.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі