Сол мақтаншақ «аузы күйген үріп ішедіні» ұмытып, «есіктен кірерден шығарыңды ойланы» мүлде есіне алмай Қожанасырдың қорғанына қайта келіп:
— Кел, Қожеке, шарт ойнаймыз. Сіз мені ешқашан алдай алмайсыз, — депті.
— Неден бәсекелесеміз, — деп сұрапты Қожекең.
— Кімде-кім ұтылса, көпшілік дос-жолдастарды жиып, ет асып берсе болды. Олай болса сен осы арада тұра тұр. Мен үйге барып, ет бар ма, жоқ па, біліп келейін, — деп мақтаншақты үйіне кіргізбей далада қалдырып, үйіне барып, үйдің екінші есігінен шығып Қожекең базарға тартып отырады. Мақтаншақ қорғанның сыртында тұрып-тұрып Қожанасырдың үйіне кірсе, үйде жоқ. Ертеңіне базарда Қожанасыр мақтаншаққа кездесіп:
— Қалай кеше үйге барып ет астыртып жедіңіз бе? — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі