Ел аралап жүріп Күсеп қу бір үйге келіп қонады. Үйде бір ғана жастау әйел бар екен, күйеуі бір жаққа кетсе керек. Қонақ-асын ішіп-жегеннен кейін қонақ төрде жатады. Кенет, үй ішінде сыбдырлаған болмашы дыбыс, күбір-сыбыр адам үні естіледі. Ал Күсеп оны сезбеген, естімеген болып жата береді. Саққұлақ қу жігіт сыбырды бүге-шігесіне дейін естиді.
Төсек ағаш үстінде үй иесі әйелмен бірге жатқан оның өз ері емес, әшіне досы екен. Оны сол кездейсоқ жігіттің сөзінен аңғарды.
— Жаным-ау! — деді ол елжірей сөйлеп. — Сенің үстіңе шыққанда биік белге шыққандай боламын.
Бұл сүйіспеншілік сөзді естігенде Күсеп одан әрі төзіп жата алмады:
— Ай, биік белге шыққан жігіт, ар жағыңда менің атыма да көзіңді салшы! — деп қалады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі