Есабыздың жасы Оқшыдан кіші екен. Оның әулиелер, әруақтармен тілдесетін қасиеті болған көрінеді. Бір күні Оқшы ата Есабызға аян береді:
«Пәниліктен бақилыққа өткенде менің қасыма кел, қатар жатамыз», — дейді. Есабыз айтады:
«Сіз сұсты адамсыз, менің иім жұмсақ, тілек тілеп келгендердің көңілін жықпаймын, осы ретте қатар жатып, жараспай қаламыз ба деп қиналамын, әрі нағашысыз», — депті.
«Қам жеме, екеуіміз тіл табысамыз, біздің атымызды атап келгендердің тілеуін Алладан бірге сұраймыз», — деп жауап қайтарыпты Оқшы ата. Содан көп ұзамай Есабыз сырқаттанады, жаз мезгілі екен. Көңілін сұрай келгендерге:
— Көп ұзамай, дүниеден өтемін. Мені Оқшының жанына апарып жерлеңдер, — деген өсиет айтады. Жиналған ел-жұрт:
— Оқшы ата күншілік жерде, күн болса ыстық. Сізді қалай жеткіземіз? — дейді дағдарып. Сонда Есабыз:
— Мен көз жұмған күні көлік өзі келеді, қам жемеңдер, қиналмайсыңдар, — деген жауап береді. Көп ұзамай шілденің ыстығында Есабыз да дүниеден өтеді. Айтқанындай-ақ ақ сәлделі, ақ киімді, ақ түйе жетектеген бір кісі келеді. Ел-жұрт киіз үйдің керегесін табыт қылып, соның үстіне мәйітті жайғастырады. Кереге табытты түйе үстіне қойғанда байламай-ақ тұрып қалған екен.
Қазашылар мәйітті алып жолға шыққанда, бір үйдің аумағындай бұлт үйіріліп, Есабыздың үстіне көлеңке болып бүкіл жол бойы ереді де жүреді. Жолға шыққандар Оқшы ата қорымына қиналмай жетіпті. Түйені шөгеріп, табытты жерге қойғаннан кейін әлгі түйелі кісі жоқ болып кетіпті. Бұл Есабыздың өзінің қасына алып келген Оқшының рухы болса керек деседі.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі