Сырым би болып қана қоймай, батыр да болған екен. Қазіргі Индер тауы мен Аюлы деген жердің ортасында «Шибұлақ» деген бұлақ бар. Сол жерде әуелде Нұралы хан мекендеген екен. Ол жер қазір «Ханшапқан» аталады. Сол жерде Нұралы ханды Сырым шапқан екен. Себебі Сырымға ханның тілі тисе керек және хан Байұлының біреуін өлтірсе керек. Сырымның құлағына хабар жеткен соң, ханның басын кесейін деп ордасына барады. Калмиков ол кезде — князь, Антон — патшаның сардары. Кінәлі деген адамдарды сонда апарып қамайтын болса керек. Сол уақытта Сырымның ханды шаба келе жатқанын ханға хабарламақ болып сол елдің Есім атты кісісі патшаға жүгіреді. Құлатөлген деген көлдің тұсына келгенде астындағы аты өліп, жетегіндегі атқа мініп бара жатқанда, Сырым Есімді қуып жетіп, өлтіріп, сол жерге көмген. Міне, сол уақыттан соң сол жердің аты «Ескіесім» аталып кеткен. Қазірде солай аталады. Сол жердегі мола — Ханшапқан моласы. Сырым би болып қоймай, батыр болып Нұралы ханның басын да шапқан екен. Сол Ескіесім солай аталады және сол жерде Ханшапқанның моласы бар. Ескіесім қазір Тайпақ ауданының орталығы Калмиков селосымен Тайпақ совхозының ортасында орналасқан. Тайпақ совхозының бөлімшесі.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі