Бірде үш әулие: Қабылиса, Ескелді, Балпық үшеуі қырда келе жатады. Жол үстінде Балпекең атынан түсіп, дәрет сындырып тұрса, атының шылбыры қолынан шығып кетеді. Мәжбүрлігін тындырған соң атына ұмтылса, ат тоқтамай бара жатқан Қабылиса мен Ескелдінің соңына ілесіп, желе-жорта береді. Бірнеше рет ұмтылғанымен Бапекең атын ұстай алмайды. Болмай бара жатқан соң:
— Оу, Есеке, құдіретіңізді бір көрсетпейсіз бе, өкпем өшетін болды ғой, — дейді. Сол-ақ екен аттың шылбыры тобылғының түбіне оралып қалыпты. Атына қарғып мініп, Бапекең де қатарласады. Бірақ үндемейді. Бірер үндемейді. Бірер қырдан асады. Есекең сәл мойнын бұрып:
— Әй, Балпық, жаяу қалмағаныңа шүкіршілік етпеймісің, жез қармағымды қайтарсаңшы? — дейді. Сөйтсе шылбыр ұшын тобылғы түбіне орап қалған Есекеңнің жез қармағы екен. Бапекең қайтарыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі