Өлең, жыр, ақындар

Ақынның үйленуі хақында

Қабан ақын үйленбек болып, наймандағы бір адамның қызына құдалық жіберсе, ол: «қызымның теңі емес, аяғы ақсақ, өзі саяқ сағал екен, бермеймін» деген теріс жауап қайырыпты.

Бұдан соң ақ түйесіне мініп, ақынның өзі аттанады. Естіген жауабы тағы сол баяғы сөз болып шығады. Сонда ақын:

— Маған бересіздер, мына қыздарыңыздың оң иығының үстінде бармақ басындай қалы бар. Оны маған Алланың өзі аянғып тұр, — дейді.

Айтылған белгіні әкесі білмейді екен. Бәйбішесінен сұраса, рас. «Ә, мына кісі әулие екен, қарсыласып болмас», — деп, қыздарын ұзатыпты. Сол қыздан туған балалар: Сүлеймен, Оспан, Әбдіманап, Ысқақ және Қоянкөз дейді қарт шежірешілер. Бәрі де шарапат шалған жарамды жандар болып өсіпті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз