Қос батыр қатар өскендерімен, Райымбектің жолы үлкен болса керек. Екеуі Нарынқол жақтан тиген дұшпандарға тойтарыс беріп, қайтып келе жатыпты. Жол-жөнекей бір бұлақтың басына тоқтап, ат шалдырыпты. Ұлы адамдар да пенде емес пе, Райымбек батыр:
— Кел, күресейік, — деп қоймай қойыпты.
— Жоқ, күреспеймін, — дейді Балпық.
Болмаған соң екеуі ақыры белдесіпті. Біршама алысқан соң барып, Бапекең қисынын келтіріп, қисая кетіпті. Райымбек оны сезіп қалып:
— Жоқ, сен әдейі жығылдың. Болмаса, қолыңның күші байқалып-ақ тұрды. Жарайды, сыйлағаның шығар, сені Құдай сыйласын ендеше! — деп, аттарына қоныпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі