Ауылымды сағынып жүрмін

Басты бет / Сайыс2019 / Ауылымды сағынып жүрмін

Ауылымды сағынып жүрмін — Сайыс2019 бөліміндегі материал.

Материал — bilim2019, ауыл, Қарасай Нұрбибі Жеңісханқызы — осы тақырыптарға байланысты.

        Бүгін тағы да түс көрдім. Таңғы арай. Мейірім толы бір таныс өлке өз-өзіне шақырады. Танауымды қарып өткен таңғы салқын ауа мұнша жылы сезілетінін кім білген? Жағасында сайран салып, құмнан соғылған қалашықтың ханшайымы сезінетін арғы беті көкжиекпен астасқан өзіміздің тып-тынық көл жағасында келе жатырмын. Менің балалық бал дәуренімнің бар естелігін, шад-шадыман күлкімді қойнауына сақтап қатпарлы жар әжімді қарт секілді күліп қарайды. Аяғы әсте тайып сонау басынан төменге дейін сырғанап құлап, сонан соң рахаттана күлетін балапан қыздың бойжетіп, өзіменен бой жарыстырып тұрғанына таңырқап қарайтын секілді. Қораздың ку-ка-ре--ку-лап шақырған жағына бет алдым.

       Көтерілген күнмен таласа оянып, ауыл адамдары шаруасына кірісіп кеткелі қашан. Қой-ешкілерді шетеннен шығарып, көршілерімен шүйіркелесіп атам жүр. Немерелері көрпесін тартып алып, әдеттегідей әжем тоңып оянса да, "Нұрболым" (мінезі ер баланыкындей деп ер баланың атымен атайтын) деп ерекше махаббатпен иіскеп, шелегін сөмке секілді қолына іліп, мөңіреген бұзауларды енесімен табыстыруға бет алады. Жеңгем қайнатқан самауырдың кернеуінен будақтата шығып, масаханада тәтті ұйқыда жатқандарды түтін түрткілеп оятуда. Үйдегілер бірінен соң бірі сап салқын сумен бетін шайып үлкен дастархан басына жиналады. Әжемнің өзі жасаған ірімшік-құрты, күбі пісіп кеше ғана жинаған майы, иісі мұрыныңды жаратын жаңа ғана шоққа піскен ыстық наны, самауырдың ызылы, бауырларымның ортасында еркелеп ішкен шайдың бәрі қандай рахат. Әлемнің небірі байлығымен таразыға қойсаң да дәл осы сәт ауырланып кез келген құнды затты да оңай еңсеріп, төмен басып жата беретін секілді. Атам әдетінше, шайды ұзақ баппен ішіп отырып, менің жайымды сұрап мейірлене:

     - Құлыным, сабағың қалай? -деп сұраулы жүзін маған аударды. Дәл осы сәтте телефон қоңырауынан ояндым. Сағат 8:12 -ден кетіпті. Телефонды көтерсем анам екен. "Қызым, сені сағынып ояндым. Демалыста келіп кетсейші", - дейді. Анашым, қызыңыз да үйін, балалығын сағынып жүр...



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Sss

Ote keremet jazilgan Awil jayli mende oz awilimdi sagindim

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ауылымды сағынып жүрмін материалы Сайыс2019 бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Сайыс2019 бөліміндегі басқа мақалалар bilim2019 тақырыбындағы мақалалар ауыл тақырыбындағы мақалалар Қарасай Нұрбибі Жеңісханқызы тақырыбындағы мақалалар Nurbi98 жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылымды сағынып жүрмін деген не?

Бұл бетте Ауылымды сағынып жүрмін тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Сайыс2019 бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.