Өлең, жыр, ақындар

Тоқсан тоғыз берсең, алмаймын

Бір күні Қожанасыр базарда жүріп, мәнерлі бір қалыпты дауыспен:

— Е, Жаратқан, тоқсан тоғыз берсең, алмаймын, жүз бер- месең, — деп қайталай беріпті. Базарда жүргендер қатары бір саудагер есітіп:

— Тоқсан тоғыз алмаймын дейді ғой бұл, — деп сынап көрмекші болып, тоқсан тоғыз сом ақшаны алдына тастап тұра қалады.

Қожа ақшаны алады да санайды. Сосын аз ойланып тұрып, ақшаны жан қалтасына салып жүре береді. Саудагер келіп, ұстай алады да:

— Е, сен жүз бермесең, тоқсан тоғыз болмаса, алмаймын дегенің қайда? Ақша менікі, бер, — дейді.

Қожанасыр:

— Жоқ, мен бермеймін. Ақша тоқсан тоғыз болса, сыртындағы әмияны бір сом тұрады. Менің тілегімді Құдай берді, — дейді. Саудагер жібермейді. Сөйтіп, екеуі жүгініске биге барады. Би Қожанікін дұрысқа шығарады. Саудагер жеңіліп, ақшасынан айрылып қалады.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз