Бірде Қожа «осы жұрт құсап мен неге құс асырап, аңға салмаймын» деп ойлап бір сауысқанды ұстап алады да, асырай бастайды.
— Сауысқан аңға түсе ме екен? — деп күлгендерге Қожа:
— Түскенде, аңның ірісіне сауысқан түссін, — деп жауап береді.
Күндердің бір күнінде сауысқан қолға әбден үйреншікті болған соң, Қожа құсын ұстап есік алдына шығады.
— Бүркітімді аңға саламын, — деп жар салып, сауысқанын ұшырып кеп жібереді. Сауысқан салған бетте ауыл шетінде жайылып жүрген бір ала сиырдың үстіне барып қонады. Айшай жоқ, Қожа сиырды ұстап әкеп, соя бастайды. Малдың иесі келіп:
— Қожеке, мұның не? Біреудің малын тапа-тал түсте сойып жатқаның? — дейді.
Сонда Қожа басын көтеріп, байсалды пішінмен:
— Өзің есің адасудан саусың ба? Бұл менің бүркітімнің түсіп алған аңы, мұнда ешкімнің дау-дамайы жоқ, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі