Қожа көпшілік бас қосқан жерде, мәжіліс пен тойда көп сөйлейтін сөзуар кісі болса керек. Әйелі жарықтық:
— Көп сөйлеме, — деп талай-талай ескертсе де, Қожа «ауруынан» айыға алмапты. Ақыры әйелі бір амал ойлап табады, Қожаның белдігіне бір тұтам шуда жіпті байлайды да:
— Сенің артық сөйлеп бара жатқаныңды сезсем, мен шуда жіпті тартып қаламын, сонда сөзді доғарасың, — дейді.
Бір күні бір жиын-тойда жұрт жақсы әңгіме-дүкен құрады. Мұнда да Қожа басқаларға кезек бермей, самбырлап сөйлей береді. Қожаның өздігінен тоқталмайтынын білетін әйелі шуда жіпті ұшынан тартып қалады.
Сонда Қожа:
— Жігіттер, шуда жіп тартылды, сөз қысқарды, енді өздерің сөйлей беріңдер, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі