Өлең, жыр, ақындар

Қожа мен сағат

Бір күні Қожа жолаушылап келе жатып, бір сағат тауып алады. Құлағына тосса «шық-шық» деген дыбыс естіледі. Жол бойын да бір бәйтерек өсіп тұр екен, Қожа әлгі бәйтерекке өрмелеп шыға бастайды. Ағаштың орта тұсына барғанда сағатты тыңдап көрсе, әлі «шық-шық» дегенінен танбайды. Сонсоң Қожа ағаштың басына қарай өрлей береді, бір кезде жерге құлап түседі.

Аман қалғанына тәубе еткен Қожа:

— Сенің тіліңді аламын деп, өле жаздап, бір ажалдан әрең қалдым, — деп сағатты лақтырып жіберіп, жөнімен жүре беріпті.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз