Қожанасыр тәуіп те, балгер де болып істеді. Күндердің күнінде оған бір семіз адам келді де:
— Он қадам жүрсем, өкпем аузыма тығылып, демігіп өлетін құсаймын, қанша ақы алсаң да ризамын, мені осы семіздіктен құтқарып қойшы, — депті.
Қожанасыр оның бет-ажарына қарап тұрып:
— Саған дәрі-дәрмек берудің қажеті жоқ, дәрілер босқа кетеді, өзің де он бес күннен кейін арғы дүниеге кетейін деп тұрсың, — депті. Мұны естіген семіз он бес күн ішінде мойны қамшының сабындай болып, өзі аш иттей бұралып, әбден азыпты. Бірақ он алтыншы күн болғанға дейін өлмепті. Он жетінші күні көңілін сұрай келген Қожанасырға әлгі семіз:
— Неге өтірік айтасың? Мен әлі өлгенім жоқ қой, — дейді.
Қожанасыр мырс етіп күле сөйлеп:
— Өлмегенің дұрыс болған екен, сен өлгенде менің ақымды кім төлер еді? Қане, еңбекақымды төле, — деп ақысын талап етіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі