Бір күні Қожа бір қазды тұтас пісіріп, патшаға әкеле жатады. Жолда қарны ашып, бір таса жерде тұрып, қаздың бір санын қызыл өңешінен ары асырып жібереді. Патшаның алдына келіп, қол қусырып, алдиярлап, әкелген тағамын ұсынады.
Темір қаздың бір сирағының жоқтығын байқап, бұл қалай деп Қожадан сұрайды. Қожа:
— Біздің Ақшәһар қаздары кілең сыңар аяқты болады, — дейді. — Нанбасаң, ана құдық басында тұрған қаздарға қарашы.
Шынында, сол кезде құдық басында бір топ қаз күн көзіне жылынып, бәрі бір аяғын бауырына басып, қалғып тұрса керек. Патша қаздарды көріп, нанар-нанбасын біле алмай, терезеден қарап тұра береді.
Сол кезде көшеде кенет барабан соғылып, керней ойналады, жерді-көкті күңіренткен дауыстан қаздар шошып, жерге кіріп кете жаздап айнала жүгіреді. Темір Қожаны қасына шақырып ап:
— Қожа, өтірік айтыпсың ғой. Әне, қара, қаздардың екі аяғы да бар екен ғой, — дейді.
Сонда Қожа:
— Ана барабан таяғы арқаңа тисе, сен төрт аяқтап кетерсің, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі