Бірде Ақсақ Темір Ақшәғарға келген соң, шәһардың игі жақсы адамдарын мәжіліске шақырады. Қанжығасынан қан тамған қаһарлы әміршінің алдында олар қаққан қазықтай боп үрейленіп, мелшиіп тұрып қалады. Шәһар төрелерінің абыржып қалғанын сезіп, Ақсақ Темір сөзді өзі бастайды.
Қонақтарға шәрбат сусынын әкеліңдер, — деп әмір етеді. Әрине, шәрбат дәмін ең алдымен Темірдің өзі татады. Сол кез де дуанбасы жөн-жосықты біле бермейтін, таяз адам екен, «бәрекелді, сізге денсаулық тілеп біз де алып жіберейік» деудің орнына:
— Қош келіпсіз! — деп мыңқ етсе керек. Алғашқы жолыққанда айтылатын сәлемдесудің қазір айтылғанына аң-таң қалып, Темір дуанбасына сұстана қарайды. Бейшара тағы бірдеңе айтып, бүлдіріп алар ма екен деп, дуанбасына жаны ашып Қожа әңгімеге кеп араласады.
— Тақсыр, біздің шәһардың дәстүрі бойынша, есен-саулық дастарқан басында сұралады. «Ат-көлігіңіз аман, қош келіпсіз» деп те сонда айтылады, — депті Қожа.
Қожаның сөзінен соң Ақсақ Темірдің ашуы тарқап, көңілі сабасына түсіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі