Қожаның бала кезінде бір қиқар мінезді құрбысы болса керек. Ол екі сөзінің бірінде:
— Мені алдай алатын адам жоқ, — деп мақтана береді екен.
Құрбысының жатқанды сезін естіп әбден мезі болған Қожа бірде оған:
Осы арада тұра тұр, мен сені алдайтын амал тауып келейін, — деп зытып жөнеледі. Қиқар бала тосып тұра береді. Бір кезде жанынан өтіп бара жатқан бір бала одан:
— Ей, неғып қалшиып тұрсың, — деп сұрайды. Қиқар Қожаны күтіп тұрғанын айтады.
Сонда ана бала күліп:
— Ол сені алдап кеткен екен ғой. Алданған деген осы болады, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі