Бірде Молдада біршама ақша пайда болады. Байғұс ұрылардан қатты қорқады екен, мына ақшасын қайда тығарын білмей басы қатады. Бір күні ол үйде жалғыз қалып, аула ішінен шұңқыр қазыпты да, ақшасын сонда көмеді. Сосын қақпаға келіп, ештеңе байқалмай ма деп қарайды да: «Мен ұры болсам, аулаға кіргеннен-ақ ақшаның қайда тығылғанын біліп қояр едім,» — дейді. Ол ақшасын қазып алып, оны жасыратын оңтайлы жер іздейді. Кенет ол биік ағаштың басында тұрған қарғаның ұясын көреді. Ол ақшаны орамалға орап ұяға салыпты да, бетін топырақпен жауып, төмен түседі.
— Енді уайым жоқ. Ұры ағаштың басына шығатын құс емес қой, — дейді ішінен.
Осы кезде Молданың ақша тығып жатқанын бір ұры сығалап көріп тұрады. Молда кеткен соң, ұры ағаштың басына шығып, ақшаны алыпты да, орнына сиырдың жапасын салып қояды.
Бірнеше күн өткен соң, Молдаға ақша қажет болады. Ол ағаш басындағы ұядан ақша орнына сиырдың жапасын табады. Молданың қол-аяғы дірілдеп, ағаштан құлап түседі.
Молда әрең дегенде есін жияды. Жапаға бір қарап, ағашқа бір қарап:
— Ағаштың басына тек адам ғана шыға алады десем, сиыр да шыға алады екен ғой, — депті таңырқап әрі іші удай ашып.
Асан
Мына мақаланы ойы таяз адам жазған болса керек.