Қожа көшеде келе жатқанда біреу желкеге періп жібереді. Жалт қараса, сотқар:
— Ғапу етіңіз, мен сізді өзімнің бір досым деп қалдым, — дейді. Қожа сотқарды тырп еткізбей, желкелеп қазыға алып келеді. Бұл кісі қазының жақын досы болса керек. Қазы жауапкерді қасына шақырып алады да, Қожаға:
— Сіз бір ұрыңыз, сонымен бітісіңдер, — дейді. Қожа бұған көнбейді.
— Олай болса, бір теңге айып төлесін, — деп қазы айыпкерге қарайды, — бар, тезірек бір теңге алып кел, сонымен Қожа риза болады.
Сөйтіп қазы қулығын асырып, жауапкерді құтқарып жібереді.
Қожа бірнеше сағат тосып отырады, сотқар жігітті қазының әдейі алдап шығарып жібергеніне көзі әбден жеткен соң, бір орайы келген кезде қазының аңқаулығын пайдаланып:
— Өтірікші, патшаһар, — деп келіп, шапалақпен жақтан шарт еткізіп тартып жібереді де: — Енді тосуға уақытым жоқ, маған кесіп берген бір теңгеңді өзің ал, — деп шығып жүре беріпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі