Қожанасыр тауықтың қауырсындарын жинап, боямалап, көп желпуіш жасап, базарға сатады. Күн шыжып түрған екен, желпуіштер тез арада өтіп кетеді. Дәндеп алған Қожа келесі күні тағы да желпуіш сатуға базарға келеді, бірақ кешегі алармандар тап беріпті.
— Бұныңыз көзбояушылық! — деп айқайлайды олар. — Желпуіштерді ашқанымыз сол екен, пырдай шашылып қалды.
Қауырсындарыңды ал да, ақшаны қайтар!
— Мен желпуіштерді қалай пайдалану керектігін айтқан жоқ па едім? — депті Қожа саспастан.
— Жоқ, кәне, түсіндірші!
— Желпуішті ақырын ғана ашу керек те, сосын оны беттің алдына тосып басыңды арлы-берлі бұрып, шайқау керек! Оңға, солға, — депті Әпенді басын ары-бері бұрғыштап.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі