Бірде Қожаның қалтасында нан алуға ақшасы қалмапты. Әйелі ең соңғы иірілген жібін сатып, нан алуға Қожаға береді. Қожа жіпті базарға алып келіп, ары-бері жүріп, ешбір алушыны кездестіре алмайды. Нан алуға жететін ақшаға да өтпепті. Қожа ашуланып: «Бұл саудагерлермен саудагерше сөйлеспесе болмас» — дейді. Ол түйенің қу басын тауып алады да, оны жіппен орап, сосын базарды аралай бастайды. Сатушылардың бірі Қожаның үлкен орама жіпті сатқалы жүргенін көріп, өзіне шақырып алады. Сатушы мынадай үлкен орама жіпке аз ақша берсе де, Қожа саудаласып жатпайды.
Дүкенші күдіктеніп:
— Қожа, мына орамалда жіптен басқа ештеңе жоқ па? — дейді.
— Бар, — дейді Қожа, — оның ішінде түйенің басы бар.
Дүкенші Қожа қалжыңдап тұр екен деп ойлайды, ал Қожа болса, ақшаны алып жөніне кетеді. Дүкенші сәлден кейін жіпті тарқатып көрсе, ішінде шынында да түйенің қу басы жүр. Келесі күні ол Қожаны шақырып алып, кінәлай бастайды.
— Қожа, мұның ұят емес пе? — дейді.
— Біріншіден, мен саған бұл жіпті айтқан кезде ішінде түйенің қу басы бар дедім ғой. Сатып алмауыңа болар еді ғой! Екіншіден, сен өте арзанға сатып алдың, ал жіптің ішінде түйенің бас сүйегі емес, сол түйенің өзі болса да, еш зиян шекпес едің, — депті Қожа.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі