Қожанасырды әйелі базардан кілем сатып алуға жұмсайды, бірақ он туманнан артық төлемеуді тапсырады. Қожанасыр базарға көңіл көтеру үшін ғана барады екен және саудаласуға да икемі жоқ екен. Ол апай-топай он үш туманға кілем сатып алады да, жұрттың көңілін көтеруге кіріседі.
Жұртшылық тарай бастағанда Қожанасыр әйелінің тапсырмасы есіне түсіп, көп бас қатырып жатпай, бір сомға қораз сатып алады.
— Кәрі қылжың, қайда жүрсің? — деп қатыны зікір салады. — Кәне, не сатып алдың?
Қожанасыр ауыр дем алып, кілемді жаяды.
— Кілемді қаншаға алдың? — деп сұрайды әйелі.
— Жарқыным, сен риза боласың, бір сом төледім, — дейді Қожанасыр — Бірақ иесі кілемді тек қоразбен бірге сатады екен. Ал қораз өте қымбат — он үш туман тұрады.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі