Қожанасыр әпенді базардан өтіп бара жатып, наубайшының жұмысына қызыға қарап қалады. Наубайшы тандырдан ыстық, көмпиген, қызыл күрең нанды лып еткізіп ала қойып, үлкен кәрзеңкеге үйіп қойып жатты.
Қымбаттым, мына нандарға сары май қосылған ба? — деп сұрайды Әпенді наубайшыдан.
— Иә, майға шыланған нан.
— Бұл нандардың ыстықтығы сонша қолды күйдіріп алуға болатын шығар.
— Әрине.
— Ал мына нандар қосарланып жасалған ба?
— Иә, олар қосарланып жасалған.
— Оларға нені қосып жесе, жақсы болар екен? Қаймақпен бе, әлде нишалламен бе? Сіз қалай ойлайсыз?
— Қайсысын қосып жесе де болады. Алыңыз, мұндай нан еш жерде жоқ.
— Қуана алар едім де, қуана жер едім, тек, әттең, ақшамның болмай тұрғаны...
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі