Бір күні Әпенді бай саудагердің дүкеніне кіріп, ондағы әдемі шалбарларға көзі түсе кетеді. Сатушыдан сұрап алып көреді. Шалбарды кері қайтарғысы келмей қалады. Қожекеңе жарасып-ақ тұр екен. Бірақ қалтада дым ақша жоқ. Қожа кенет ілулі тұрған күртешені көреді. Ол да Әпендіге ауадай қажет еді. Ол шалбарды беріп, күртешені сұрап алады. Киіп көрсе, шап-шақ. Әпенді жымиып есікке қарай беттейді.
— Әпенді, — дейді сатушы дауыстап, — сен күртешеге ақша төлеген жоқсың ғой?
— Мен күртешенің орнына шалбарды бердім ғой, осы ауыс-түйісте ақша туралы айтып керегі не? Қосымша ақша туралы келіскен жоқпыз ғой, — депті сонда Әпенді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі