Әпенді базардан бауыр әкеле жатады. Жол-жөнекей бір досы кездесіп:
— Не әкеле жатырсың? — деп сұрайды.
— Бауыр.
— Бауырдан қандай дәмді тағамдар жасауды білесің бе? — дейді ол.
— Жоқ.
Досы тағамның дәмді болуы үшін не істеу керектігін пысықтап түсіндіреді. Әпенді ұмытып қалармын деп, бір парақ қағазға жазып беруін өтінеді. Досы мұқият жазып береді. Әпенді үйіне келген соң, бауырды бұтақтың басына іледі де, қолын жумақ болады. Кенет көктен сорғалай түскен лашын бауырды іліп алып кетіпті. Әпенді құсқа қарап қолын ербеңдетіп:
— Бауырды бекерге әкеттің. Сен бәрібір дәмді тамақ жасауды білмейсің ғой. Рецепт болса менің қалтамда, — деген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі