Қожанасырдың әйелі:
— Ұры үйге қалай кіреді? — деп сұрайды.
— Табанына киіз таңып алады, — дейді Қожанасыр, — сосын жүрген кезде дыбысын ешкім естімейтіндей етіп мысықша басады.
Бірде әйелінің ұйқысы келмей, ары-бері дөңбекшіп, байын оятады:
— Үйге ұры кірген секілді, — дейді әйелі.
— Оны қайдан білдің? — дейді Қожанасыр.
— Мен манадан бері ұйықтамай жатырмын, бірақ жүрген аяқтың дыбысы құлаққа шалынбайды. Бәлкім, ұры табанына киіз байлап үйге кірген шығар? — депті әйелі.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі