Достар жаздың бір ыстық күнінде сірне жасап, палау пісіреді.
— Е-е, — дейді біреуі, — бізде палау бар болғанымен, шай, кәмпит-күлше, қауын-қарбыз жоқ қой.
Олар отыз теңгеден жинайды да:
— Палау пісіп болғанша, базарға барып, не керектің бәрін алып кел! — деп Әпендіден өтінеді.
Әпенді базарға кетеді. Базар өте алыс, күн болса қапырық. Шаршаған Әпенді бір ағаштың түбіне отырыпты да, қисайып ұйықтап кетеді. Ояна кетсе, кеш болыпты. Базар тарап кеткен. Амалсыздан достарына құр қол қайтып келеді. Ал достары бұл кете салысымен палауды жеп койыпты.
— Палау қайда? — дейді Әпенді.
— Күн ыстық болып, палау еріп кетіпті, ал біз дер кезінде қарамаппыз. Ау, кәмпит-күлше, қауын-қарбыз қайда? — дейді олар да.
— Мен ыстықта күйіп-жанып жүргенде, жинап берген отыз теңгелерің де қалтамда еріп кетіпті, — депті сонда Әпенді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі