Көшеден күміс ақша толы әмиян тауып алған Қожанасыр қазыға апарып тапсырмақшы болады. Қазы үйіне түстенуге асығып барады екен, бұны жүре тыңдайды.
— Тоқтат! — деп айқайлайды ол, — сұрамсақтар-ақ мазамды алып болды. Жоғал!
Қазының қызметшілері Әпендіні таяқпен қуады. Бірнеше күн өткен соң, қазы Әпендіні есіне алып, шақыртып алады.
— Не жұмыспен келіп едің? — деп сұрайды.
— Қазы мырза, мен саған келе жатқанда, тұла бойым толған ізгі ниет еді, бірақ сенің әумесер қызметшілерің одан түк қалдырған жоқ, мен мына әмиян секілді боспын, — дейді Әпенді.
Ол бірнеше күн ішінде көк тиыны қалмаған бос әмиянын қазыға көрсетіпті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі