Қожанасыр құлаған үйлердің арасына теңге салған құмыра жасырады. Ол бір теңге тапса да, барып сол құмыраға салып және әр жолы барлық теңгесін қайта санайды екен. Сол маңда бояушының дүкені бар еді. Ол Қожанасырдың бұл маңға босқа келіп жүрмегенін сезеді де, аңдып жүріп Қожаның көмбесін тауып алады. Бояушы теңгенің бәрін сыпырып алады, онда қырқық бір динар бар екен.
Келесі күні Қожанасыр көмбеге келсе, ақша зым-зия жоқ, пәле бояушыдан келгенін сезеді. Қожанасыр бояушыға барып:
— Қалам ал да, менің санағанымды жазшы, — дейді.
— Айт, — дейді бояушы.
— Жаз, — дейді Қожа, — Отыз алты динар, оған жетпіс екі динарды қос, бәрі жүз сегіз. Оған қырық бір динарды қосса, бәрі жүз қырық тоғыз болады. Жүз елуге бір динар жетпей тұр. Рахмет! Қожанасыр қоштасып кетіп қалады. Ал бояушы «Қожанасыр қырық бір динарға тағы да ақша қосады екен» дейді де, алған ақшаны тез апарып орнына қояды.
Келесі күні Қожанасыр көмбесіне барып, онда біраз кідіріп шығады. Сол-ақ екен бояушы да тұра жүгіреді. Бұл жолы бояушы көмбе орнында қалған Қожаның боғ... тап болады. Бояушы сасып, абыржып шығып келе жатқанда, қарсы алдынан Қожанасыр шыға келіп:
— Қолыңды иіскеші, бөтен ақшаның иісі шығады, — деген екен.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі