Жұқа аудан әкіміне барып өзін қазылыққа тағайындауын өтініпті. Қазылық орын болмағандықтан әкім оған өзінің ділгірлігін білдіріпті. Соңында үмітін үзген Жұқа:
— Онда «қалыс қазылыққа» тағайындасаңыз болмас па, кейбір қиын мәселелерді шешуге көмектесейін, — депті.
Әкім бұған толық қосылып, Жұқаны қалыс қазылыққа тағайындап, оған қызмет кеңсесін дайындап беріпті.
Жұқа жұмыс үстелі ретінде бір ағаш сандықты әкеліп орналастырыпты да, үстіне қағаз-қаламдарын қойыпты. Пәлендей бір жұмыс шығып жатпаса да, ол әр күні өз уағында кеңсесіне келіп тұрыпты.
Бір күні бір адам басқа бір адамның үстінен арыз көтеріп, әкімнің алдына келіпті. Даугер:
— Ол отыз екі кентар отын жарады. Ол отын жарғанда мен қарсы алдына отырып алып «сілте! сілтей түс!» деп дауыстап, оған дем беріп отырдым, сондықтан ол отынды тез әрі ойдағыдай жарып отырды. Бірақ ақы алатын кезде маған ешнәрсе бермеді. Іс жүзінде мен де шаршап-шалдықтым, — дейді.
— Оның «сілте, сілтей түс!» деп дем бергені рас па? — деп сұрайды әкім отын жарушыдан.
— Рас, — деп жауап береді отын жарушы.
Әкім бұған пәлендей деп кесім жасай алмай отырғанда кенет есіне «қалыс қазы» Жұқа түседі де, оларға:
— Сендердің бұл дауларыңды қалыс қазы шешім етсін, — дейді. Жамбыл қызметшілері ана екеуін Жұқаның кеңсесіне ертіп келеді.
Жұқа даугердің арыз-шағымын естіп болғаннан кейін:
— Әрине, сен де ақы алуға тиістісің, еңбегің текке кетсе, қалай болғаны? — дейді.
Отын жарушы дереу Жұқаға қарап:
— Қазы мырза, мен отын жарғанда ол бір шетте қызық көріп қана отырған, оның ақы алатын қақысы не? — дейді.
Жұқа отын жарушыға барлық ақшаңды әкел деп бұйырады. Ол ақшаны қолына алғаннан кейін бірден-бірден жерге тастайды, күміс теңге жерге түскен сайын «дыңғыр, дыңғыр» еткен дауыс шығарады. Ол осылайша ақшаны жерге тастап болғаннан кейін, отын жарушыға:
— Сен ақшаңды әкет! — дейді. Ал даугерге:
— Сен сол ақшаңның дауысын әкет! — дейді.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі