Ақшаһардың кедейі жолдан бір қатқан нан тауып алады да, оны амалын тауып жұмсатып жемек болады. Бір науайхананың алдына келеді. Тонардағы ыстық нанның жағымды иісі оның кеңсірігін жарады, жақындап келіп, қатқан нанын тонардың буына қойып жібітіп жейді.
Науайхана қожайыны әлгі кедейге таңырқай қарап тұрады. Кедей қатқан нанын жеп болып, жүре бергенде науайхана қожайыны онан ақша сұрайды. Кедей:
— Сенің ешнәрсеңді жемесем, қалайша ақша берем? — дейді.
— Сен менің тонарымның буын жедің, әрине, ақша төлеуге тиістісің, — дейді науайхана қожайыны.
Ақыры екеуі таласа-таласа, сол шаһардың қазысы Жұқаға келеді. Жұқа бұл екеуінің дауын тыңдап болғаннан кейін, бір дорба теңге ақшаны алып науайхана қожайынының құлағының тұсына апарып арлы-берлі шайқайды. Дорбадан ақшаның шырылдаған дауысы естіледі. Сосын ол науайхана қожайынына:
— Естідің бе, осы ақшаның дауысын әкет! — дейді. Науайхана қожайыны мұны түсінбей:
— Қазы тақсыр, бұл қандай үкім болды? — деп сұрайды.
Сонда Жұқа:
— Бұл, өте әділ, ақылға сиымды үкім болды. Кімде-кім нанның буын сатса, сол адам ақшаның шылдырлаған дауысын алғаны жөн, — дейді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі