Бір ауданның әкімі Жұқадан:
— Сіз менен нендей ілтипат тілейсіз? — деп сұрапты.
— Кімде-кім қатынынан қорқатын болса, маған бір есек беруі жөнінде қолыма әмір жазып берсеңіз, — депті Жұқа.
— Әкім бұған мақұл болып, Жұқаның қолына әмір жазып беріпті. Жұқа бұл әмірді алып ел аралай бастапты. Кімде-кім қатынынан қорықса, әкімнің әмірін көрсетіп онан бір есек алыпты. Көп өтпей Жұқа бір топ есекті айдап қайтып келіпті. Мұны көріп қайран қалған әкім ішінен: «маған қарасты өңірде осынша көп адам әйелінен қорқады екен-ау!» деп ойлапты.
Ертеңінде Жұқа аудан әкіміне барып, оған өзінің қайтып келгендігін және жолшыбай естіген-білгендерін айта келіп:
— Тақсыр, мен бұл рет керемет бір сұлуды кезіктірдім, жамалы айдай, тісі аппақ маржандай, ерні шоғынықтай қызыл. Қасы қара, лебізі ыстық, тал шыбықтай бұралғанның өзі екен. Оның үстіне он саусағынан өнер тамған ақылды жан көрінеді. Ешкімге білдіртпей оны сізге ала келдім, — депті.
Қуанышы қойнына симай, езуі құлағына жеткен әкім қолымен ымдап, Жұқаға:
— Ақырын, ақырын сөйле, Жұқа! Мына үйде біздің бәйбіше бар, естіп қоятын болса, үлкен шатақ сонда шығады, — депті.
Жұқа орнынан тұрып:
— Тақсыр, сіз де қатыныңыздан қорқасыз ба? Өзіңіз түсірген әмірге өзіңіз қайшылық жасап, күнә үстіне күнәға батыңыз. Қос жаза тартасыз, маған екі есек беретін болдыңыз, — депті.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі